Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Асхат Жұмағали "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.
Осы бір-екі күнде ішкі мемлекеттік аудит департамент бойынша бөлімінің жетекшісі жұмысқа адам алғаны үшін 15 мың доллар пара алған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Соңғы шешімді сот айтады, - деді ол.
Жұмағали айтып өткендей, 16 кәсіпкерлік нысан қорғалып, 7 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.
Мемлекеттік инспектор Арапов 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол төтенше жағдай кезінде базарда азық-түлік сатуға рұқсат бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып тұрған. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді. Олар бойынша 1 млрд 800 мың теңге бюджетке қайтарылды, - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте пара алған 30 тұлға сотталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.