Қала әкімі полицейлерге жаңа көліктердің кілтін табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мегаполистегі "Астана" алаңында полиция департаментінің жеке құрам қызметкерлерімен салтанатты гарзиондық сап түзеу өтті. Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, полиция департаментінің бастығы Думан Таев, басшылық құрам мен 500-ге жуық сақшы қатысты.
Сөз кезегін алған шаһар әкімі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде полицияның рөлі орасан зор екенін тілге тиек етіп, қызметте ерекше көзге түскен погондыларды алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ миллионнан астам тұрғынның қауіпсіздігін күзетуде жұмыс сапасын жақсарту үшін пайдалануға жаңа 46 автокөліктің кілтін табыстады.
Думан Таев қала әкіміне өз ризашылығын білдіріп, қатардағы әр сақшы Отанға адал қызмет етінін жеткізді.