Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер жыл басынан бері қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан шілде айына дейінгі аралықта рейдтік іс-шаралар өткізу барысында қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады.
Осы ретте тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігі (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.