Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Супермаркеттен темекі өнімдерін ұрлап кеткен шымкенттік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби АПБ-на жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қатынас хат келіп түсті.
Онда супермаркеттен белгісіз біреу 900 000 теңге тұратын темекі өнімін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ ЖҚПБ учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.
Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.