Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын және орта бизнеске екінші деңгейлі банктер тарапынан осынша көлемде несие берілді.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
Бүгінгі таңда Шымкентте 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Онда 163 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып отыр.
2025 жылға дейін шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, ал жалпы өңірлік үнемдегі үлесті 40%-ға дейін жеткізу жоспарда бар, - деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.Қала кәсіпкерлеріне оңтайлы жағдай жасау үшін «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» фронт-офисі іске қосылған. Жыл басынан бері фронт-офистің көмегіне 2325 кәсіпкер жүгініпті.
Қала басшысының айтуынша, кәсіпкерлік белсенділік қарқын алған.
Инвестиция көлемін биыл 400 млрд теңгеге жеткіземіз деп отырмыз, - дейді ол.Айта кетейік, бұған дейін Шымкент 39 млн АҚШ доллары көлемінде ауылшаруашылық өнімдерін экспорттағаны хабарланды.