Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру мақсатында Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15 желтоқсаннан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты. Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және жұма күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалады. Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ақылы жолда төлем жасау ережелері өзгеретінін хабарладық.