Шымкенттен Грузияға жаңа әуе бағыты ашылады

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 15 Желтоқсан 2025 2025, 22:38
15 Желтоқсан 2025 2025, 22:38
551
Фото: pixabay.com

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты, бүгін, 15 желтоқсанынан бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты. Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және жұма күндері — "Boeing 737 MAX 8" және "Boeing 737–800" типті әуе кемелерімен орындалады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Наверх