Арыстағы жарылыс. Шымкенттен 10 жедел жәрдем бригадасы жіберілді

24 Маусым 2019, 19:09
2074
Бөлісу:
Арыстағы жарылыс. Шымкенттен 10 жедел жәрдем бригадасы жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласынанда болған оқыс жағдайға байланысты жалпы саны 25-азамат №1 қалалық клиникалық ауруханаға өз еркімен келген.

Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, бір азаматша ауруханаға жатқызылды.Сондай-ақ №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасына 6 жастағы бала жеңіл көлікпен жеткізілген. Бала қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Шымкент қалалық қалалық жедел жәрдем станциясына қарасты 10 бригада Арыс қаласына көмекке жіберілді. Бұған қоса қалалық жедел жәрдем станциясының 20 фельдшері мен емханаға қарасты 2 жедел жәрдем бригадасы Бекжан базары маңында және орталықтағы мешітте Арыс қаласынан келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде.

Барлық пациенттердің жағдайы мен қажетті ем алуы денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қатаң бақылауында. №1 қалалық клиникалық ауруханаға әлі де науқастар түсіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы