Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін болған кісі өлтіру дерегі бойынша полиция тағы үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы адвокат Талғат Есімовке сілтеме жасаған жазды.
Оның айтуынша, олар Түркістан облысы Түлкібас ауданы аумағында бой тасалап жүрген.
Жол апатынан кейінгі жанжал 20 қаңтар күні болған. Көлік жүргізушілері мен жолаушылары арасында төбелес шығып, оның барысында қатысушылар пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Ал жанжалға қатысқан екінші адам — 36 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Келесі күні Шымкентте өліммен аяқталған төбелеске қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олар кісі өлтіру және бұзақылық жасау баптары бойынша күдікке ілінген. Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.