Шымкенттегі төрт ауруханаға оттегі бекеті орнатылады

14 Шілде 2020, 20:00
1331
Бөлісу:
Шымкенттегі төрт ауруханаға оттегі бекеті орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы 4 аурухана базасында арнайы оттегі станциясы орнатылады.

Олар қалалық перзентханада, қалалық жұқпалы аурухана мен №1 қалалық ауруханада және №2 көпсалалы ауруханада. Аталған әр медицина мекемелерінде кислородтық 50 төсек-орын ашылады.

Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

Ербол Садыр бұдан бөлек Шымкент қаласында тағы бір кислород өндіретін цех іске қосылатынын атап өтті.  Онда күніне 1000-2000 дана оттегі баллоны шығарылмақ. Сонымен қатар ол қаладағы кислород өндіретін ірі 3 станцияның жұмысы тұрақты бақылауда екенін айтты.

Оның айтуынша, жалпы қалада 722 кислородтық төсек-орын бар. Ал қала аумағындағы барлық 24 ауруханада бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі туындап отыр. 


Өзгелердің жаңалығы