Шымкенттегі өрт: 364 адам эвакуацияланды

Осы сәттерде ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инертті материалдарды төсеу және газсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

 ТЖМ 27 Шілде 2024 2024, 21:07
27 Шілде 2024 2024, 21:07
809
Фото: ТЖМ

Осы сәттерде ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инертті материалдарды төсеу және газсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

Өртті сөндіру жұмыстарын күкірттің тотығуы қиындатуда. Өрттің алдын ала ауданы 1200 шаршы метрді құрайды.

Осы сағатта 364 адам , оның ішінде 200 бала эвакуацияланды.

Ыстық тамақ ұйымдастырылды. 258 адам, оның ішінде 141 бала туыстарына кетті.

Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, КШМ жұмыс істеуде. ТЖМ, ЖАО,ӨККД, СЭС жеке құрамынан 120-ға жуық адам және 40-тан астам бірлік техника, ҚТЖ-ның 1 пойызы жұмылдырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриялдық аймағының аумағында күкірт жанып жатыр.

Наверх