Кадрларда атыс болған көше, одан кейін Шымкент қаласындағы Арғынбеков көшесінің бойындағы қайғылы оқиға болған кафенің іші көрінеді.
Дәмхананың еденінде екі адам жатыр. Олардың жараланғаны, қаза болғаны - белгісіз. Қырғын атыс салдарынан ғимараттың әйнектеріне дейін сынып кеткені байқалады.
Артынша әлеуметтік желілерде күдіктілердің біреуінің фотосы пайда болды. Суреттегі ер адамның қолында автоматқа ұқсас зат бар.