Шымкентте өндірушінің өнімін делдалсыз сататын орталық ашылды

2 Наурыз 2019, 14:49
4170
Бөлісу:
Шымкентте өндірушінің өнімін делдалсыз сататын орталық ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент қаласы және Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласында алғаш рет «GraMad» көтерме тарату орталығы ашылды. Мұнда делдал қызметінсіз өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылады. Орталықта көтерме, бөлшек сауда, логистикалық бағытта және темір жол тұйығы жұмыс атқарады. 


Гипермаркеттің ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д. Жумин қала жұртшылығын осынау маңызды объектінің пайдалануға берілуімен құттықтады.

Шымкентте өндірушінің өнімін делдалсыз сататын орталық ашылды

Сонымен қатар әкім орынбасары «Біздікін сатып ал» акциясы шеңберінде қолға алынған «Шымкент өнімдері» сауда алаңшасымен танысып, барлығын жергілікті өнімдерді сатып алуға шақырды.

Шымкентте өндірушінің өнімін делдалсыз сататын орталық ашылды
«Шымкент өнімдері» сауда алаңшаларының тауарлары орташа нарық бағасынан 10% төмен бағада ұсыну жоспарланған. 

Шымкентте өндірушінің өнімін делдалсыз сататын орталық ашылды
Аталған орталықтың жалпы алаңы 11 мың шаршы метр. Оның ішінде сауда алаңы 3,5 мың шаршы метр, логистикалық қоймалар алаңы 7 500 шаршы метрді құрап отыр. 

Шымкентте өндірушінің өнімін делдалсыз сататын орталық ашылды
Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапты. Жалпы 3,5 млрд теңге жеке инвестиция құйылып,   200 ден аса жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.

Аталған сауда орталығы Шымкент қаласындағы Жібек-жолы көшесі, 58 үй мекенжайында орналасқан.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерме-тарату орталықтарының желісін дамытуды тапсырған болатын.

Содан кейін ауыл шаруашылығы министрлігі көтерме-тарату орталықтары ең алдымен Қарағанды, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында іске қосылатынын хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы