Шымкентте "Зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" ұранымен ауқымды флешмоб өтті

7 Желтоқсан 2023, 21:08
600
Бөлісу:
Шымкентте "Зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" ұранымен ауқымды флешмоб өтті
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік” акциясы аясында “Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!” ұранымен ауқымды флэшмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акцияның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау. Азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.

Флэшмобқа полиция департаменті, прокуратура, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, 5 аудан әкімдігінің қызметкерлері, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Шымкент қаласы әкім жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері мен қала жастары қатысты. 

Шара барысында азаматтар жастар алаңында “Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз!” жазуы бар плакаттарды көтеріп, “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” ұранымен наразылықтарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы