Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

17 Тамыз 2020, 17:15
1603
Бөлісу:
Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Емдеу мекемесіне "Sauap" белсенділер тобының атынан оттегі концентраты және пульсоксиметр құрылғысы берілді. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, науқастарды емдеуде мүмкіндігі зор бұл құрылғы жұмысты жеңілдетеді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде жомарттық танытқан белсенділер тобына алғыс айтты. 

Медицина қызметкерлері бұл аппараттарды жағдайы ауыр науқастарды емдеудің барлық кезеңінде де қолдана алады.

"Асар" шағын ауданындағы жұқпалы аурулар орталығында коронавирус және пневмония дертінің ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алады. Індетпен күрестің алғы шебінде жүрген орталық дәрігерлері күні-түні аянбай еңбек етуде, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы