Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету және қала аумағының тазалығын сақтау мақсатында «Шымкент – таза қала» профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп жазды otyrar.kz.
Маусым айынан басталған іс-шара барысында жалпы 1407 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 694 тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру), 685 тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ жолды ластаған 28 ауыр жүк көлігі анықталып, жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 630-бабы 1-бөлігімен (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген мәліметте.Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына қала аумағының тазалығын сақтау мақсатында тиісті ережелерді бұзбауға кеңес береді.