Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте жол үстіндегі төбелес кісі өлімімен аяқталды

Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Шымкентте Ерімбетов пен Рысқұлов көшесінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске жалғасып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

OTYRAR басылымының жазуынша, екі автокөліктің соқтығысуынан кейін көліктен шыққан адамдар төбелесе кеткен. Үшінші көлікпен тағы біреулер келген. Төбелес барысында бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Екі адам ауруханаға жеткізіліп, біреуі көз жұмды. Ақпаратты Шымкент қалалық полиция департаменті растады

Зардап шеккендердің бірі – 40 жастағы қала тұрғыны жан тапсырды. "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы