Шымкентте жол белгісін қасақана бүлдірген екі жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шымкентте екі жас жігіт аулада орналасқан «Мүгедек» жол белгісін қасақана бүлдірген. Оқиға түнгі уақытта болған және қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнекамераларына түсіп қалған.
Кадрлардан жігіттердің жол белгісін теуіп, әдейі зақымдап жатқанын көруге болады.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетті. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шара қолданылды. Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте полицейді ұрып, қызметтік көлікті тепкілеген жасөспірімге үкім шықты.