Шымкентте жартылай марафоннан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп жазады BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасында алматылық Дана Гуссарова жеңіске жетті. Оның нәтижесі – 1:20.09.
Күміс медальді Аяна Болатбекқызы (Жетісу облысы), қоланы Ольга Сердюкова (Алматы) иеленді.
Ерлер арасында Жетісу облысының өкілі Данияр Орманғали топ жарды. Оның уақыт көрсеткіші – 1:09.20.
Екінші орында Есенбол Жаңабек (Жетісу облысы), үшінші орында Ислам Әбілханұлы (Ақтөбе облысы) орналасқан.