Шымкент полициясы кінәлі адамды анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараны жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сәбидің денесі «Нұрсат» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің маңынан табылған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 100-бабымен қылмыстық іс тіркелді.
Қаратау ауданы Полиция басқармасының 102 арнасына жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде, - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.