Шымкентте жаңа сейсмологиялық станция салынады

28 Қаңтар 2024, 11:26
635
Бөлісу:
Шымкентте жаңа сейсмологиялық станция салынады

Шымкентте сейсмологиялық станция бар. Мұнда сейсмикалық деректерді жинау, талдау, өңдеу, жер сілкінісі ошақтарының класын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Станцияда 3 жұмысшы қызмет атқарады. 1927 жылдан бері жұмыс істеп келе бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозған.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков "Шымкент" сейсмологиялық станциясының жұмысымен танысты.

Бекеттің жай-күйін көрген қала әкімі жауаптыларға жаңа ғимарат салуға тапсырма берді.

Сондай-ақ, Ғабит Сыздықбеков сауда логистикалық орталықтағы көпфункционалды қойма кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады.

Жаңа көкөніс қойма кешені 6 гектар аумақта салынуда. Жеке инвестор есебінен қаржыландырылған инвестициялық жобаның жалпы құны – 10 239 млн теңге. Биыл іске қосылатын қоймада 107 адам жұмыспен қамтылады.

Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жалғасатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы