Орталық қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылмақ. Бұл жайлы Жамбы ату федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жаңа нысан ұлттық спорттың тамырына қан жүгіртеді. Қазіргі көрсеткіш те жаман емес. Франция, Венгрия, Моңғолияда өткен байрақты бәсекеде мергендеріміз топ жарды. Алда Сауд Арабиясында болатын әлем кубогінің финалында бақ сынайды. Жаһандық жарыста қазақтың «Тайтұяқ» стилі қолданылады. Федерация басшысы Азия федерациясы құрылатынын мәлімдеді.
Осыған орай мергендер жайлы ақпарат жарияланатын ресми сайт пен мобильді қосымша іске қосылады. Жамбы ату жайлы кітаптар мен комикс жазып, сериал түсіру де ойда бар.
Дүниежүзілік Азия федерациясын ашып жатырмыз. Қазақстанда тіркеп жатырмыз. Бұл бізге Корея дүниежүзілік федерациясын, Европа дүниежүзілік федерациясын қосып, бір сайысқа басқа елдің спортшыларымен біздің елдің спортшылары бірге қатысуға мүмкіндік береді, - деді Жамбы ату федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов.