Шымкентте заңсыз жарнама жасаған төрт компания анықталды

Бүгiн, 00:29
220
Бөлісу:
Шымкентте заңсыз жарнама жасаған төрт компания анықталды
Фото: gov.kz

Шымкентте жарнама арқылы үлескерлердің қаражатын қабылдамақ болған төрт компания анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, кінәлілер ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 миллион теңге айыппұл салынды.

Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжаттарының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес беріледі. Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып саналады, – деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы