Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды

30 Қазан 2024, 17:14
335
Бөлісу:
Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
PHOTO

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды

Жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі мен этно стильдік және заманауи сәндік киім үлгілерінің көрсетілімі жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты. 

Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды

Қалалық ассамблея алаңында ұлттық мәдениетті дәріптеуді көздеген іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлеріне алғыс айтты. 

Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды

Біздің мақсат – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шымкенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туындыларын дәртіптеу арқылы жалпыұлттық бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау, - деді басқарма басшысы.

Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды

Фестиваль барысында қазақтың ұлттық киімдерінің этно стильдік және заманауи үлгілері бойынша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы «Ақ баян» сән театрының топтамасы, А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледждің топтамасы, Г.Еспай жетекшілік ететін «Ару аналар» топтамасы, №5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің топтамасы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» топтамасы, Б.Жетібаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» топтамасы және Орталық Азия инновациялық университетінің «Сән» топтамасы жұртшылық назарына ұсынды.

Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды

Өз кезегінде кәсіби мамандардан жасақталған қазылар алқасы фестиваль қорытындысы бойынша Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ жанындағы «Ақ баян» сән театры мен Бибіхадиша Жетібаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» тобы ұсынған киім топтамаларын үздік деп таныды. Барлық қатысушылар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясындағы іс-шараның мақсаты – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын қолөнер шеберлердің бұйымдарын дәріптеу арқылы өскелең жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеу.

Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
Өзгелердің жаңалығы