Тұран ауданы аумағында 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкентте Тұран ауданында биыл 18 көшеде құрылыс жұмыстары басталды. Оның ішінде 13 көшеде жаяу жүргіншілер жолы толық салынды.
Олар: Тайманов, Байтулы баба, Дермене, еңбекші, Сымбатты, Үміт, Сарсенбаев, Бектаев, Тәжібай ата,Мөңке би, Жандосов, Татулық және Октябрьская көшелері.
Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс, Исаханов, Интернациональная, Бәйдібек би және Жаркент көшелеріне де жаяу жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға берілетін болады.