Шымкентте тергеуші кәсіпкерді тексеру жұмыстары барысында заң бұзған

11 Ақпан 2024, 10:31
47
Бөлісу:
Шымкентте тергеуші кәсіпкерді тексеру жұмыстары барысында заң бұзған

Еліміздің Президенті прокуратура органдарына бизнесті негізсіз қылмыстық қудалау орбитасына тартуға тосқауыл қоюды және ол бойынша пәрменді шараларды қабылдауды міндеттеп, жүктеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы Жаңа жыл қарсыңында Шымкент қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті кәсіпкерлік субъектісіне қатысты көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркалары қолданылған алкогольдік өнімді сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-бөлігімен.

Кәсіпорынның балансына тіркелген қоймада спирттік өнімнен бөлек басқа да алкогольсіз және салқын сусындар мен шырындар сақталған.

Тергеуші тауарларды данамен алу барысында заңдылықты өрескел бұзған, ал тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін кәсіпкердің сауда-саттық жасауын шектеп, барлық қоймаларды жауып, мөрлеген.

Осыған байланысты қала прокуратурасы тергеушінің бұл әрекеттерін заңсыз деп танып, қылмыстық істі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты.

Кәсіпкерлердің құқықтары мен олардың инвестицияларын қорғау қала прокуратурасының қадағалау қызметіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және оларды инвестициялау қалалық прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

Өзгелердің жаңалығы