Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы сатып алу үшін ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл тұрғын үй кешендері үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқтығына және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болмауына байланысты ұсынылмайды.
Абай ауданы:
1. “РАМАДАН” ТК – “Асар-2” шағынауданы, 3195/1 учаске
2. “BAQSARAI” ТК – “Асар-2” шағынауданы, 3203 учаске
Әл-Фараби ауданы:
3. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – “Күншығыс” шағынауданы, Жібек Жолы даңғылы, 63
Тұран ауданы:
4. “AVENUE-32” ТК – Н.Төрекұлов көшесі, 4/3
5. Көпқабатты тұрғын үй (атауы жоқ) – “Отырар” шағынауданы, М.Дулати көшесі, 206А
Сонымен қатар, “Шымкент Сити” шағынауданында орналасқан “DAMDES-OTAU” тұрғын үй кешені, 10 және 15А учаскелері бойынша пәтер иелерінен тұрғын үй сапасына қатысты шағымдар түсіп жатыр.
Құжаттардың бар-жоғын тексеру үшін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарласуға болады.
Байланыс нөмірі: 8 747 430 16 03.