Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте өткен жылы қызылшамен ауырғандар саны 3 мыңнан асқан, деп хабарлайды Хабар 24.
Ал 2018 жылы бұл індетке 8 адам шалдыққан. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары қызылша дерті негізінен уақытында екпе алмаған балалар арасында жиі кездеседі деп дабыл қағып отыр. Дерті дендегендердің 83% – сәбилер мен жасөспірімдер. Ақ халаттылар қызылшаның өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі екенін айтады.Шымкент қаласы бойынша 3091 адам қызылшамен ауырды. Оның ішінде 2231 – 14 жасқа дейінгі балалар. Қызылшамен ауырып жатқандардың 82-83% – бұрын екпе егілмеген балалар. Бұрын ауырмаған және қызылшаға қарсы егілмеген адамдар 100% жұқтырады. Қызылшадан эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты ҚР-да қосымша иммундаулар жүріп жатыр, - дейді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы, Забира Есенғараева.