Шымкентте қуаттылығы 36 мвт қосымша станция пайдалануға берілді

1 Қараша 2024, 16:09
293
Бөлісу:
Шымкентте қуаттылығы 36 мвт қосымша станция пайдалануға берілді
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте 110 кВ кабельдік желімен жабдықталған 36 МВт қосалқы станция іске қосылды. Іске қосу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мегаполис басшысы бұл жобаның энергия тапшылығын болдырмауда маңызы зор екенін атап өтті.

Шымкентте қуаттылығы 36 мвт қосымша станция пайдалануға берілді

Шымкент - қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, инвесторлар есебінен салынған қосалқы станция салынып жатқан жаңа тұрғын үйлерді және коммерциялық нысандарды тұрақты және сапалы электрмен қамтамасыз етеді. Станцияны қосу халық саны өсіп келе жатқан қаланың энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етудегі басты қадам болмақ, - деді Ғ.Сыздықбеков.

Шымкентте қуаттылығы 36 мвт қосымша станция пайдалануға берілді

Айта кетейік, бірінші кезеңде 5 221 абонент электр энергиясымен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 5 057 жеке және 164 заңды тұлға. Алдағы уақытта қосалқы станция 7500-ден астам абонентті қосып, тұрғындар мен бизнестің сұранысын қамтитын болады.

Шымкентте қуаттылығы 36 мвт қосымша станция пайдалануға берілді

Станция стратегиялық және экологиялық қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына жауап береді. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін озық технологиялар мен жабдықтар пайдаланылды.

Өзгелердің жаңалығы