Шымкентте қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды

10 Шілде 2024, 08:00
382
Бөлісу:
Шымкентте қолөнершілер мен суретшілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Фото: gov.kz

Шымкент қаласының Арбатында жергілікті суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Шығармашылық саладағы 50-ге жуық шебер өз жұмыстарын көпшілікке ұсынды.

Басты мақсат – шеберлерге өнімдерін сатуға жағдай жасап, қолдау көрсету. Қазіргі кезде елімізде креативті индустрия саласына ерекше назар аударылуда. Мемлекет басшысы өз жолдауында креативті экономиканы ауқымды дамыту үшін жағдай жасау, оның ішінде креативті индустрия өкілдеруіне қолдау шараларының кешенін әзірлеу міндетін қойды.

Айта кетейік, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында қолөнершілер мен суретшілердің осындай жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Оларды барлық өңірлерде және тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. Жергілікті әкімдіктер кәсіпкерлерге мұндай алаңды тегін ұсынған.

Өзгелердің жаңалығы