Шымкентте қоғамдық көліктер саны азаюы мүмкін

15 Наурыз 2024, 11:29
284
Бөлісу:
Шымкентте қоғамдық көліктер саны азаюы мүмкін
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Техникалық ақауларға байланысты қалалық тұрақты автобус маршруттарын газбен қамтамасыз ететін жанармай құю бекеті уақытша электр қуатынан ажыратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты, бүгін кешкі уақытта тұрақты маршруттардағы қоғамдық көліктердің саны азаюы мүмкін.

Уақытша орын алатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сондай-ақ қалада қатынау бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды өтінеміз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы