Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте полиция басқармасының бастығы ұсталды

16 Шілде 2023, 09:32
14476
Бөлісу:
 Арман Мухатов
Фото: Арман Мухатов

Шымкент қаласында пара алды деген күдікпен көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайдыBAQ.KZ ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті мен қалалық полицияның өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығын ұстады.

Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады, - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, былтыр Павлодарда көші-қон полициясы басқармасы бөлім бастығының орынбасары Өзбекстан азаматынан пара алғаны үшін үш жылға сотталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы