Шымкентте полицейлер оқыс оқиғаның алдын алды

27 Маусым 2024, 10:26
217
Бөлісу:
Шымкентте полицейлер оқыс оқиғаның алдын алды
VIDEO
Фото: скриншот

Патрульдік полиция инспекторлары Абуев Ержан мен Ғалымжан Құрбанбаев жанып жатқан жүк көлігінің жүргізушісіне жедел және уақытылы көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары қала жолдарын патрульдеу кезінде жүк көлігінен түтін шығып, жанып жатқанын байқаған. 

Инспекторлар бірден жол жиегінде тұрған көлік құралының жанына тоқтап, қызметтік көліктегі өрт сөндіргішті қолға алып, апаттың алдын алуға кірісті. 

Тез арада көлік капотынан шығып жатқан өртті алауыздап, газ баллонның жабылғанына көз жеткізді. 

Осылайша полицейлер болуы мүмкін оқыс оқиғаның уақытылы алдын алды. 

Өз кезегінде, әбден абдырап қалған жүк тасымалдаушы тәртіп сақшыларына бей-жай қарамай, көмекке келгені үшін алғыс білдірді.

Қызмет атқару барысында біз сан түрлі жағдайлармен кезігеміз. Ең бастысы, азаматтардың амандығын сақтап қалу. Ал, олардың алғысы – біз үшін ең жоғары марапат, – дейді офицерлер.

Өзгелердің жаңалығы