Шымкентте полицейлерді вакциналау жұмыстары басталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте полиция департаменті қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакциналау жұмыстары басталды.&nbsp;</h4>

 11 Наурыз 2021 2021, 11:05
11 Наурыз 2021 2021, 11:05
1624

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Полиция департаменті қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакциналау жұмыстары басталды.  Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшыларына екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларында жүргізілуде.

Полицейлерді вакциналау үшін 21 алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде арнайы кабинеттер дайындалған. 

Айта кетейік, Полиция департаменті қызметкерлеріне «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы салынуда. Егу науқанын сапалы өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. Вакциналау ерікті негізде жүргізіледі.
Наверх