Шымкентте өрттен әйел адам зардап шекті

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 3 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 17 Қараша 2024 2024, 22:20
17 Қараша 2024 2024, 22:20
731
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 3 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Шымкент қаласындағы Молдағұлов көшесінде үшінші қабаттағы тұрғын үйдің кіреберісінде электр сымдары жанған.

ТЖМ қызметкерлері түтін аймағынан баспалдақ маршымен 3 адамды эвакуациялады. Өрт жедел түрде сөндірілді. Жану өнімдерімен уланған белгілері бар 1994 жылы туған үй тұрғыны ауруханаға жатқызылды, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх