Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортынан жазғы чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды

14 Шілде 2022, 13:40
2001
Бөлісу:
Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортынан жазғы чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан XII жазғы чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды. Кеше, яғни 13 шілдеде оқу-жаттығу мұнарасының 2, 3 қабатындағы терезеге шабуыл сатысы арқылы шығу жарысы өтті. 

Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортынан жазғы чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды

Бұл жарыста үш топ бойынша жеңімпаздар анықталды. Мұны Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығы Алтынбек Толтаев айтты. 

Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортынан жазғы чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды

Оның сөзінше, екінші және үшінші қабаттағы терезеге шабуыл сатысы арқылы шығу спорт сайысына қатысқан командаларды кіші, орта және үлкен топтар деп бөлінген.

Жазғы чемпионаттың бірінші күні Ақтөбе командасы ерекшеленді. Өйткені, ақтөбелік команданың мүшелері үш топта да жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсам, кіші топта Батыс Қазақстан облысының командасынан Абылай Серіков бірінші орын, Шығыс Қазақстаннан келген Аркадий Серов екінші орын алды. Үшінші орынды ақтөбелік Әмір Абаев иеленді. Орта топта Ақтөбе облысының өрені Мәдинұр Сұлтанов бірінші орын жеңіп алса, атыраулық Мирас Ақылбек екінші орынға шықты. Жерлесіміз - шымкенттік Сарвар Мауланов үшінші орын болды, - дейді Алтынбек Толтаев.

Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортынан жазғы чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды
Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортынан жазғы чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды

Ақтөбе командасы ересектер тобында да бірінші орын алыпты. Жеңімпаз - Нұрғиса Әйтекеев екен. Ересектер тобынан екінші орынды Шығыс Қазақстаннан келген Коршак Виктор, ал үшінші орынды Батыс Қазақстан облысынан қатысқан Никита Мұхамадеев иеленіпті. 

Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортынан жазғы чемпионаттың алғашқы жеңімпаздары анықталды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірімдер арасында жазғы чемпионат өтіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы