Шымкентте «Опера және балет» театрының ғимараты салынады

Бұл туралы өңір басшысы Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі.

 9 Желтоқсан 2023 2023, 16:18
9 Желтоқсан 2023 2023, 16:18
1078

Бұл туралы өңір басшысы Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі.

Қала әкімінің айтуынша, мәдениет саласында халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізетін заманауи Конгресс холлдың құрылысы аяқталуға жақын.

2024 жылы қала орталығынан шалғай орналасқан 4 елді мекенде жаңа мәдениет үйлерін саламыз. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Опера және балет» театры жаңа ғимаратын салу қарастырылып жатыр. Аталған ұйымға аты әлемге әйгілі Майра Мұхамедқызы басшылық жасап отыр. Бұл саланың дамуына тың серпін береді деген ойдамыз,-деді қала әкімі.

Наверх