Шымкентте нысаналы мақсат бойынша пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының хаты негізінде Шымкент қаласы Жер ресурстарын басқару департаментімен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жер ресурстарын басқару комитеті 23 Тамыз 2024 2024, 11:26
23 Тамыз 2024 2024, 11:26
796
Фото: Жер ресурстарын басқару комитеті

Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының хаты негізінде Шымкент қаласы Жер ресурстарын басқару департаментімен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде өндірістік базаны теміржол тұйығымен бірге жобалау мен құрылысын салу үшін арналған жалпы ауданы 0,3155 га жер учаскесі ұзақ мерзім бойы пайдаланылмай жатқаны анықталған.

Департамент тарапынан ЖШС-не жер заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы бір жыл мерзімде орындалуы тиіс нұсқама берілді. Нұсқама талаптары орындалмауына байланысты Департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арызы берілді. Соттың 2024 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап арыз толығымен қанағаттандырылды.

Наверх