Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар заңсыз салық төлеп келген

9 Тамыз 2019, 11:42
1829
Бөлісу:
Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар заңсыз салық төлеп келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының прокуратура органдары жүргізген тексеру және талдау жұмыстарының нәтижесінде 433 мың азаматтың құқықтары қорғалды, деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

ҚР Салық Кодексіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) азаматтар мүлік, көлік, жер және т.б. салықтардан босатылған, алайда салық органдары аталған санаттағы азаматтардан заңсыз салық төлеуді талап етіп келген.

Прокуратура органдарының ықпал етуімен аталған салықтарды төлеп келген мүмкіндігі шектеулі 1200 азаматтың құқықтары қорғалып, оларға заңсыз салынған салық төлемдері қайтарылған.

"Қаратау ауданы прокуратурасымен білім басқармасында жүргізілген талдаудың нәтижесінде орта білім беру ұйымдарының педагогтарын медициналық зерттеп - қараудан тегін өтуі қамтамасыз етілмей келгенін анықталған. Енгізілген қадағалау актісі негізінде 17 879 педагогтың медициналық зерттеп - қараудан тегін өтуіне 18,9 млн теңге қаралған", - делінген таратылған ақпаратта.

Денсаулық сақтау ұйымдарына енгізілген қадағалау актісі негізінде 3 мыңға жуық кәмелетке толмағандарға заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемі көрсетілген.

Қалалық прокуратураның Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне енгізген ұсынуы негізінде "Жеңіс" ЖШС қамтамасыз ететін табиғи газдың 1 000 текше метрі үшін тариф 3587,67 теңгеден 3497,91 теңгеге азайтылып, 11 мың тұтынушы құқықтары қорғалды.

Осы ұсыну шеңберінде "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймақтың 14 кәсіпкер су пайдалунышулары үшін судың бағасы 4,53 теңгеге азайтылған.

Еңбекші аудан прокуратурасының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына берген тапсырмасына сәйкес жүргізілген тексеру нәтижесінде "Хлопкопром-Целлюлоза" ЖШС 118 жұмыскерге қарыз болған 14 млн теңге жалақысын өтеді.  

Өзгелердің жаңалығы