Шымкент қаласында 26 шілде сағат 10:15 шамасында Самал базарына қарай бағыт алған Howo миксер жүк көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, ол Рысқұлов және Қазиев көшелерінің қиылысында бағдаршамда тоқтап тұрған 8 автокөлікті соқты.
Салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізшісі және Toyota Camry көлігінің жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын нақтылау барысында жүк көлігінің тежеуіші кенеттен істен шыққанын және оны тізгіндеуші азаматтың жүк көлігін басқаруға құқығы жоқ екенін анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.