Шымкентте мешіт өртенді

Құтқарушылар мешіттегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 13 Қыркүйек 2025 2025, 23:35
13 Қыркүйек 2025 2025, 23:35
642
Фото: скрин

Құтқарушылар мешіттегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Шымкент қаласының 112 пультіне Тұран ауданындағы Қ.Әділбеков көшесінде орналасқан екі қабатты мешіттің төбесінен түтін көрініп тұрғаны туралы қоңырау түсті.

Қаланың ТЖД жедел қызметтері шатырдың ағаш конструкцияларын ашып, өрт ошағын сөндіріп, жедел жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Наверх