Шымкентте мектепті жөндеуге және көмір алуға бөлінген 7 млн теңгені жымқырып қойған

15 Сәуір 2024, 10:30
366
Бөлісу:
Шымкентте мектепті жөндеуге және көмір алуға бөлінген 7 млн теңгені жымқырып қойған
Фото: Арман Мухатов - архив

6,8 млн тенгені жымқарған мектеп басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.

Одан бөлек жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды (өлі жандар).

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы