Шымкентте тағы 10 мектеп салынады

25 Желтоқсан 2019, 16:50
7354
Бөлісу:
Шымкентте тағы 10 мектеп салынады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Келер жылы аумағы 306 гектарды құрайтын үшінші жаңа "Жұлдыз" индустриялық аймағы құрылады. 

Бұл туралы бүгін елордада брифинг өткізген Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мәлімдеді. 

Сонымен қатар, қалада ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін аумағы 136 гектар болатын "Агроиндустриалдық аймақ" құрылатыны мәлім болды. 

Бүгіннің өзінде "Жұлдыз" ИА 20 млрд теңгеге 1 мыңға жуық жаңа жұмыс орнымен 20 жобаны жүзеге асыруға инвесторлар ниет білдіріп отыр, - дейді әкім.
WhatsApp Image 2019-12-25 at 16.41.53.jpeg

Сонымен бірге, агроиндустриалдық аймақта 109 млрд теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылып, 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында осы жылы 350 және 200 орындық екі жатақхана құрылысы аяқталып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді. Келесі жылы "Шымкент" ӘКК арқылы 2 500 орындық жатақхана салу жоспарлануда, - деді Ерлан Айтаханов. 

Шымкент қаласы әкімінің сөзіне қарағанда, жаңа оқу жылынан бастап жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. 

Бұл жаңа мектеп құрылыстарын салуға инвесторларды тартуға мүмкіндік берді. Биылғы жылдың өзінде 5 мың орындық 11 жекеменшік мектеп ашылса, бюджет есебінен, 5 700 орынға арналған 9 мектеп құрылысы жүргізіліп, 5 білім ошағы пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды 4 мектептің мәселесі шешілді. Ал алдағы үш жылда жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы 10 мектеп құрылысы жеке инвесторлармен бірлесе жүргізілетін болады, - деді әкім.
Бұған дейін, Ерлан Айтаханов Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі артып келе жатқанын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы