Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

23 Маусым 2023, 07:12
829
Бөлісу:
Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Фото: Шымкент қ. ПД жедел басқару орталығы

Шымкент қалалық ПД жедел басқару орталығының полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен Арғынбеков көшесі бойында жол ережесін өрескел бұзған көлік кортежін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды тоқтату үшін көшені екі жағынан жауып тастады. Нәтижесінде, жеңіл көліктің 9 жүргізушісіне қатысты полицейлер 11 әкімшілік хаттама толтырды.

BMW және Toyota Camry жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Шетелдік Mersedes Benz S550 және Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабын (жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау) бұзды.

Hyndai Sonata автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБт-нің 599-бабын (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту) бұзған.

Авариялық жағдай туғызғаны және жолдарды, жол құрылыстарын бүлдіргені үшін кортеждің тағы екі жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Бірден ҚР ӘҚБтК-нің 590, 597, 602-баптары бойынша Lada-21900 жүргізушісіне хаттама толтырылды. Ол бір уақытта көлік құралдарын пайдалану ережелерін, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзып, сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану ережелерін бұзды.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін айыппұл тұрағына қамады.

Өзгелердің жаңалығы