Тұрғындардың талабы бойынша 30 сотық жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның орнына гүлзар салынады деп шешілді. Қалалық құрылыс бөліміндегілер көгалдандыру жұмыстары демеушілер есебінен жүргізіліп, жыл соңына дейін аяқталуға тиіс дейді. Ал көптен бері бизнесін дөңгелетіп отырған кәсіп иесіне өтемақы төленіп, басқа көшеден 27 сотық жер ұсынылды. Жергілікті тұрғындардың бастамасымен қаланың жоспарлау жобасы қайта қаралды. Бұған дейін Түркістан және Ахмет Байтұрсынов көшелерінің қиылысында гүлзар болған. Кейін ол жердің нысаналы мақсаты өзгертіліп, кәсіпкерге сатылған.
Сол жердегі жергілікті тұрғындар қайта-қайта арызданып, өтініш айтып кезінде сол жерде саябақ болғандығын, гүлзар болғандығын дәлелдейтін құжаттарды ұсынды. Соған сәйкес біз мұқтаждыққа алу жөніндегі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Ол азамат өзі қаланың жанашыры ретінде алдын ала бұзуға келісімін беріп, біз ауа райының қолайлы уақытында құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында бұзу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді қалалық сәулет, құрылыс және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.