Шымкентте кір жуғыш ұнтағын заңсыз дайындаған цех анықталды

29 Наурыз 2024, 11:47
395
Бөлісу:
Шымкентте кір жуғыш ұнтағын заңсыз дайындаған цех анықталды
Фото: автордан

Бұл туралы Әділет министрлігінің Ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Наурыздың 10-ы күні Шымкент қаласының Әділет департаменті Полиция департаментінің көмегімен Қаратау ауданының аумағында белгілі брендтердің жалған кір жуғыш ұнтақтарын дайындау бойынша заңсыз цехын анықтаған.

«Ariel AQUA PUDRA» қаптамасындағы кір жуғыш ұнтақ (Ариэль АКУА ұнтағы) - 102 бірлік (салмағы 1 бірлік үшін 10 кг), «Tide AQUA PUDRA color қаптамасындағы кір жуғыш ұнтақ (Тайд АКУА ПУДРА КОЛОР) - 20 бірлік (салмағы 1 бірлік үшін 9 кг), «Миф AQUA PUDRA» орау материалы (миф АКУА ұнтағы) - 50 дана тәркіленді. Алынған контрафактілік өнімнің жалпы салмағы 1 тоннадан асты. «Procter & Gamble» компаниясының (Проктер энд Гэмбл) тауар белгілерінің құқық иесіне келтірілген белгіленген залал негізінде азамат М-ге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, - деді Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта әкімшілік іс Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы