Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың басынан бері карантин режимдерін бұзғандар бойынша Шымкент қаласының аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына 61 шұғыл хабарлама келіп түскен.
Шұғыл хабарламалар бойынша әрбір нысанға тексеру жүргізіліп, жалпы соммасы 4 169 900 теңгені құраған 56 айыппұл салынған.
Сонымен қатар, карантиндік режимді бірнеше рет қасақана бұзған қоғамдық тамақтану және көңіл көтеру орындары анықталған:
- «Фазенда кафесі – 3 рет,
- «Чеховъ PUB» кафесі – 2 рет,
- «TS» караоке бары – 2 рет.
Жалпы өрескел бұзушылар бойынша 7 нысанның ісі әкімшілік сотқа жолданған. Әкімшілік соттың қаулысымен 5 нысанға ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 347 260 теңге айыппұл салынған, оның ішінде 4 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды.