Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Александр Кирьяновтың мәйіті 31 мамырда дендропарк аумағынан табылған, бірақ тек 23 маусымда кешкі уақытта ғана жеке басын тану және растау мүмкін болды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Бұл туралы марқұмның Шымкентте тұратын туысы Владислав Андреев мәлімдеді. Өз-өзіне қол жұмсауға не себеп болды, бұл туралы марқұмның туыстары түсініктеме беруден бас тартып отыр. Александр Кирьянов 1 маусымда үйіне Ресейге ұшып кетуі керек еді – қолында билеттері болған.
Жалпы, ол Шымкентке сәуір айында келген. Оның денсаулығында проблемалар болды. Оған бұл жердің жылы, климаты жақсы екенін дәрігерлер айтыпты. Сол үшін келген болатын. Алғашында қонақүйде тұрып, кейін пәтер жалдап, 3 айға алдын ала төлем жасаған. Бірақ мамыр айында жаңбыр жауып, ауа райы өзгерді сол себептен де ме оның денсаулығы сыр берді. Сондықтан үйіне қайтуға шешім қабылдаған. 1 маусымда Мәскеуге ұшуы керек еді. Бірақ 31 мамырда ол үйден шығып, қайтып оралмады, ұялы телефонын, заттарын, құжаттарын пәтерде қалдырып кетіпті, – дейді марқұмның туысы Владислав Андреев.
Владислав Андреевтің айтуынша, дабыл маусымның басында қағыла бастаған. Полиция олардың жақын туыстары еместігін алға тартып, Александр Кирьяновтың жоғалып кеткені туралы арызды қабылдаудан бас тартқан.
Александр Кирьянов – әкемнің немере інісі. Ата-анам ажырасқандықтан, әкемнің туыстарымен араласпадым. Бірақ ол жоғалып кеткенде, әрине, дабыл қаға бастадық. Пәтер иесі зиялы адам болып шықты, ол да арыз жазғысы келген. Қаратау ауданы бойынша учаскелік полиция қызметкері келіп, заттарды түгендеді. Олар бізден арызды қабылдамады, өйткені біз жақын туыс емеспіз. Ата-анасы қарт, келіп арыз жаза алмайтынын түсіндірдім. Осы уақыт бойы олар оны табамыз деп күтті, бірақ солай болып шықты, олар оны 31 мамырда өлі күйде тапты, – дейді Владислав Андреев.
Александр Кирьяновты іздеумен LIDER еріктілер қозғалысы айналысқан. Маусымның 23-і күні олар 44 жастағы Александр Кирьяновтың суретін таратуды сұрап редакциямызға жүгінген. Полиция бөлімінде бізге хабарсыз кеткен азамат туралы хаттаманың болмауына байланысты ер адамның іздестірілмегенін айтты.
Іздеуде жүрген ер адамның әлдеқашан қайтыс болғаны 23 маусым күні кешке жақын туысының мәйітін таныған Владислав Андреевтің сөзінен белгілі болды. Полиция департаменті болған оқиғаның ресми нұсқасын әлі жариялаған жоқ.