Шымкентте ішімдік дайындайтын жасырын цех анықталды

30 Қаңтар 2021, 00:20
1523
Бөлісу:
Шымкентте ішімдік дайындайтын жасырын цех анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех қызметінің жолы кесілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Өндірілген өнім кейіннен Шымкент қаласының аумағында сатылған.

Тексеру барысында жалған ЕБМ бар «Русская на бруньках» және «Березовая» маркалы 2000-нан астам бөтелке алкоголь өнімі, 160 литр спирт, 10 000-нас астам ЕБМ, сұйықтықты араластыруға арналған сорғы, алкогольге арналған 140 бос қорап және 80-нен астам бос бөтелкелер, 400-ден астам қақпақтар анықталды және тәркіленді, - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 233-б. 2-б. (көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы