Шымкентте интернет-алаяқтықтың 31 жайты анықталды

23 Сәуір 2023, 07:25
1066
Бөлісу:
Шымкентте интернет-алаяқтықтың 31 жайты анықталды
Фото: Polisia.kz

Шымкентте интернет-алаяқтықтың 31 жайты анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, республика аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс шарасы өтті. Аталған іс шараның мақсаты – интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу. Сондай-ақ зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, желідегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау.

«Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күндік қорытындысы бойынша бұрын жасалған 31 қылмыс ашылды. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану бабы бойынша 1 жайт тіркеліп, ашылды. 14 заңға қайшы сайттар бұғатталды.

Өзгелердің жаңалығы